Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті

56

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қызметінен кетті. Бұл жайында палата сайтында жарияланған президиум төрағасының арнайы үндеуінен белгілі болды.

«Құрметті әріптестер! Бүгіннен бастап мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы ретіндегі өкілетімді доғаруды ұйғардым. Съез делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды», — делінген үндеуде.