«Жасыл даму» утиль алым қабылдай бастайды

141

Бүгіннен бастап «Жасыл даму» утиль алым қабылдай бастайды. Қазір мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғам екінші деңгейлі банктерде шоттар ашып, төлем жүйелеріне өзгерістер енгізуде.

Оған дейін жаңа утилизациялық алымның мөлшері де бекітіледі. Бұл жайында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы «ӨКМ Операторының» қызметін тоқтату жөніндегі жұмыс тобының алғашқы онлайн отырысында айтылды.

Министрліктің мәліметінше қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 21 пайызға дейін артқан. Бүгінге дейін 264 мың тонна қаптама қалдық, 310 мың тонна автомобиль бөлшектерінің қалдығы жиналып, кәдеге жаратылған. Қазір жұмыс тобы утиль алымына қатысты мәселелерді жан-жақты зерделеуде.

Шынар Оразова