Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үймен қамту және әлеуметтік көмек пен тұрақты жұмыс орны туралы өтініштерін жеткізді.
Әкім орынбасарымен бірге халықтың уәжін қалалық тұрғын үй, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау басқармалары мен бірнеше департамент өкілдері тыңдады. Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі баспанамен қамту өтінішін жеткізді.
Гүлдана Дәурен