Қулық сұмдықты еркін меңгерген хакер өзінің жеке шотына 17 миллион теңгеден астам ақша аударған.
Шардара ІІД-на Шардара қаласындағы бірнеше мектептің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан бөтеннің есепшотына ірі көлемдегі ақшаның заңсыз аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция істі тергеуге кірісті. 24 сағат ішінде олар күдікті аккаунт пен оның иесінің жеке басын анықтады. Анықталғандай, күдікті Алматы қаласында болған, оны Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған.
Белгілі болғандай, күдікті бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйек айында ол жұмысын тастап, Алматыға кеткен. Біраз уақыттан кейін жұмыссыз қалған ол «оңай жолмен» ақша табуға бел буады.
Жеке деректерін пайдаланып, алаяқ өз есепшотына 40-тан астам мұғалімнің жалақысын аударған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді.