Сенаторлар арнайы экономикалық аймақтарды шұғыл дамыту қажеттігін де айтып, Үкімет басшысына сауал жолдады. Мәселен, қазір елімізде жиһаз, терезе, оқ-дәрі, көлік шығаратын зауыттар орналасқан 13 экономикалық аймақ бар. Бірақ, соның небары үшеуі ғана коммуникациямен толық қамтылған.
Қалғанында инвесторлар үшін жұмыс істеуге жағдай жасалмаған дейді. Салдарынан арнайы аймақтардың 60 пайызы бос. Сондықтан экономикалық тиімділігі де төмен. Индустриялды алаңдарда шығарылатын тауарлардың экспорттық үлесі үш жарым пайыз ғана. Сондықтан мұндай аймақтардың инфрақұрылымын дамытып, инвесторларға жол ашу керек,- дейді Сенат депутаттары .
Шынар Оразова