ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады.
Оның ішінде бизнес үшін: «Ashyq» бойынша «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдар үшін эпидемиологиялық қатердің «жасыл» және «сары» аймақтарында – шектеусіз, «қызыл» аймақта – толымдылығы 70%-ға дейін шектеумен сауда, ойын-сауық орталықтарына, көрме, марафон, спорттық, салтанатты, отбасылық іс-шараларға рұқсат етіледі.
Ал ұйымдар мен кеңселердің офлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер алынып тасталды. Тұрғындар үшін: екпенің екінші компонентін алғанына 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе ковидке қарсы вакцинаның толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады.
Сондай-ақ, ПТР тестінсіз вакциналау паспортын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі.
Гүлдана Дәурен