Шымкентте шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігерінің қаулысында айтылған.

«Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 30 тамыз сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын»,-делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың көшеде, қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылған. Қоғамдық көліктер мен сұлулық салондары, шаштараз, базарлар демалыс күндері жұмысын тоқтатады.