Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына !!!

136

Шымкент қаласының БМСДҚ шығарылған шектеу шараларына қарамастан, қала тұрғындарының карантиндік шараларды бұзуы орын алып отыр. Осыған байланысты «COVID-19» коронавирустық инфекциясы мен COVID-19 (U07.2) пневмониясының қалада тіркелу жағдайлары төмендемей отыр.

Өз кезегінде, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы қалада толық карантинге әкелуі мүмкін! Біз Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын Сізді және Сіздің жақындарыңызды коронавирустық инфекциядан сақтайтын маңызды ережелерді қатаң сақтауға шақырамыз:
– бетперде режимін сақтаңыз;
– адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;
– әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз;
– жиі қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз;
Шымкент қаласында адамдар көп жиналатын кез-келген іс-шараларлы өткізуге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН (мерейтойлық шаралар , туған күндер , мерейтойлар , қоштасу, құдалық , той , беташар және басқалары) !!!!

Сақтық шараларын сақтап, абай болыңыздар! Сіздің денсаулығыңыз өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар !!!