Шетелдік валюта сатып алу үшін қазақстандықтар 500 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсаған

132

2021 жылы қазақстандықтар шетелдік валюта сатып алу үшін 500 миллиард теңгеге жуық жұмсаған. Оның ішінде АҚШ валютасының үлесі басым.

Өткен жылдың соңғы айында сауда нәтижесін жариялаған Ұлттық банктің ресми мәлімдемесіне  сай, ел азаматтары 378 млрд. теңгеге доллар сатып алған. Сондай-ақ, валюта айырбастау орындарында  78 миллиард теңгеге рубль және 18 миллион теңгеге юань сатылыпты.

Америкалық валюта саудасы бойынша  1-ші орында Алматы, одан кейін  Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары орналасты. Еуроны да Алматыда көптеп сатып алған, ал юань саудасы бойынша Шығыс Қазақстанның валюта айырбастау пункттері көш бастап тұр.

Шынар Оразова