Ұлттық банк кәсіпорындардың ахуалын қалай бағалайды?

179

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты саласында уақтылы шешімдер қабылдау үшін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға тұрақты мониторинг жүргізеді.

Мониторинг экономикалық конъюнктураның, инвестициялық белсенділіктің, өңір кәсіпорындарының қаржылық жағдайының өзгерістері туралы ақпарат алу мақсатында қаржылық емес ұйымдарға сұрау салу жолымен жүргізіледі. Сауалнамалардың нәтижелері бойынша конъюнктуралық және салалық конъюнктуралық шолу қалыптастырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі тоқсан сайын аумақтық филиалдар арқылы кәсіпорын басшылары арасында сауалнама жүргізеді. Мақсат, ел экономикасының нақты секторындағы іскерлік ахуалды зерттеу.

Сауалнама бизнес конъюнктурасындағы негізгі үрдістерді анықтауға бағытталған: кәсіпорындардың дайын өнімге сұранысының өзгеруі; дайын өнімге, шикізат пен материалдарға бағаның өзгеруі, кәсіпорындар үшін кредиттік ресурстардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің өзгеруі бойынша кәсіпорындардың нақты болжамдары.

Қазақстан экономикасының негізгі салалары бөлінісінде нақты сектор конъюнктурасына шолу жасау саладағы жағдайды көрсетеді. Және кәсіпорын басшысына шығындар мен бағаларды басқару, капитал мен активтер құрылымының өзгеруі бойынша кәсіпорынның көрсеткіштерін динамикада көруге және салыстыруға мүмкіндік береді. Негізгі шолуда пайдаланылған индикаторлардан басқа, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын сипаттайтын қаржылық коэффициенттер келтірілген.

Мониторингке қатысу үшін тоқсан сайынғы негізде сұрақ-жауап сауалнамаларын толтыру қажет. Өз кезегінде аумақтық филиал мониторингке қатысушы кәсіпорынға мониторингке қатысатын сала кәсіпорындары туралы деректерді қамтитын талдамалық шолулар түріндегі ақпаратты, мониторингке қатысушыларды жалпылама бағалаумен ұсынады.

Айтулы жұмыстар турасында толығырақ ақпарат www.nationalbank.kz сайтында Ақша-кредит саясаты бөлімінде берілген. Мониторингке қатысуға ниет білдірген жағдайда, кәсіпорынның деректерін Ұлттық Банктің Түркістан филиалына uljan.egemova@nationalbank.kz. электрондық адреске жолдауларыңызға болады.

«ҚР Ұлттық Банкі» РММ Түркістан филиалы
Түркістан қ. Тауке хан даңғылы, 371