Шымкентте ана мен нәресте өлім-жітімін болдырмау мақсатында қалалық перзентхана мен №2 аурухананың босану бөлімшесі 3-ші деңгейге, ал, №3 қалалық аурухананың босану бөлімшесі 2-ші деңгейге ауысады. Бұл жайлы мегаполистің бас дәрігері Бақытжан Позилов қала әкімі Мұрат Әйтеновке есеп беру жиынында мәлімдеді.
Айта кетейік, екінші деңгейлі перзентханада физиологиялық босандыру болса, 3-ші деңгейге өткенде, әртүрлі патологиясы бар пациенттерді қабылдауға мүмкіндік артады.
Денсаулық сақтау басқарма басшының айтуынша, бүгінде әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды 83 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.
Ал қала әкімі Бақытжан Позиловқа тұрғындардың қолжетімді және сапалы медициналық көмек алуын үнемі бақылауда ұстауды және жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту бойынша жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.
Мөлдір Ибадуллаева