Шымкенттік спортшы Азия чемпионы атанды

78

Өзбекстан мемлекетінде кадеттер мен жасөспірімдер арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтуде.

Жарыс 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтуде.
Шымкент қаласынан келесі спортшылар қатысуда:

1.Жулинский Никита (шпага)
2.Тамбовцева Александра (шпага)
3.Чупраков Артур (сабля)
4.Мұстафин Ғабидин (шпага)
5.Серикбай Адема (сабля)

Кадеттер санатында шпажистер арасында Мұстафин Ғабидин жеке басының біріншілігінде 5-орынды иеленді! Командалық жарыста Қазақстан құрамасы (кадеттер шпагасы) финалда Өзбекстан командасын жеңіп, 45-41 ұпаймен алтын медальға қол жеткізді.

Құрама сапында шымкенттік Мұстафин Ғабидин жеңімпаз атанып Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.