Сот шешімімен 3 аутсайдер университет жабылды

159

Қазақстандық үш аутсайдер жоғары оқу орны сот шешімімен жабылды. Олар – Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті және «Астана» университеті. Бұл туралы ҚР БҒМ хабарлады.

Соңғы жылдары аты аталған жоғары оқу орындары министрлік тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы жүргізетін білім беру бағдарламаларының рейтингінде үнемі төмен позициядан көрінді. Бұл университеттердегі білім беру бағдарламаларының басым бөлігі жұмыс берушілердің талабына сай келген жоқ және білім алушылар арасында да сұранысқа ие болмаған. Жабылған жоғары оқу орындары сапаны жақсарту бағытында жұмыс істемеген. Білім беру бағдарламаларына инвестиция салмады, практик-мамандарды қызметке тартпады. Талдау нәтижесіне сүйенсек, білім беру бағдарламалары бойынша рейтингі төмен жоғары оқу орындары қауіпті аймаққа түсетін университеттермен өзара байланысты болады. Нәтижесінде аутсайдер жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылып, білім беру қызметін тоқтатты», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Айта кетейік, минситрлік талапкерлерге, студенттерге және олардың ата-аналарына университет таңдаған кезде сапаға назар аудару қажеттігін еске салады.