Сүйіктісімен жанжалдасып қалған бойжеткен 5-қабаттан секірмек болған

128

Оқиға 8 ақпан күні Д. Қонаев даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысында болған. Шымкент тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Белгілі болғандай, сүйіктісімен жанжалдасып қалған бойжеткен құрылысы аяқталмаған ғимараттың 5-ші қабатынан өзін тастамақ болған. Оны Жедел бақылау орталығының кезекшілері бейнебақылау камераларынан байқап қалған.

Оқиға орнына дер кезінде жеткен полицейлер қызды аман алып қалған, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.