Келінін аяғымен теуіп, шашынан тартып ұрған…

37
фото Ашық дереккөз

Бәйдібек аудандық сотында азамат Н.Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Аталған іс бойынша құқық бұзушы Н.Ж ақпан айының 21 күні сағат 21:00 шамасында өзінің туған інісі мен оның жұбайы А.А мен өзара келіспеушілік болып жатқан кезде араларына түсіп, жәбірленуші А.А-ның арқасынан аяғымен теуіп, шашынан тартып, ішінен және басынан ұрып, қасақана денсаулыққа жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы Н. Ж өзінің кінәсін мойындады, алайда жәбірленуші А.А кешірім бермейтінін айтты. Сот құқық бұзушы Н.Ж-ны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 15 (он бес) тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, құқық бұзушы Н.Ж-ға 6 (алты) айға дейін жәбірленуші А.А еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салуды көздейтін ерекше талап белгіледі.