Air Astana Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтарады. Ол үшін Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейс жоспарланған. Ұшақ 26 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 02:00-де ұшады, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Жолаушылар тізімін ҚР-ның Украинадағы елшілігі ұсынған. Қазақстандықтар 25 ақпан күні Замкнен көшесі 3/1 мекенжайы бойынша Львовтағы Қазақстанның Құрметті консулдығына әрі қарай рейске трансфер жасау үшін жиналуы керек.
Тел.:. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.
Қосымша ақпарат үшін Air Astana өкілдеріне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.