Сайлау-2022: Украинадағы отандастарымыз Варшавада дауыс береді

103
Сайлау

Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс береді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев мәлімдеді. Қазіргі кезде 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды. Барлығы алдағы президент сайлауына дайын. Ол жерде жалпы 12 527 адам дауыс береді деген жоспар бар.

«Өздеріңізге белгілі, Украинадағы ахуалға байланысты сол жердегі Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері Варшава қаласында (Польша астанасы) дауыс береді»,- деді Әділбаев орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні болып саналады. Ертең – тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы басталады.