Ағымдағы жылдың алғашқы айында БЖЗҚ-ға 115 млрд. теңге түсті. Нәтижесінде, зейнетақы қорына түсім көбейген.
1 ақпандағы мәлімет бойынша елдің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 13,1 триллион теңге бар. Оның 12,7 триллион теңгесі міндетті зейнетақы жарнасынан, 368 миллиарды кәсіптік зейнетақы жарнасынан және 1,7 миллиарды ерікті жинақтан түскен.
Алғашқы айда салымшылардың есеп-шотына 115 миллиард теңгедей түсті. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға көп. Бір айда қор өз салымшыларына жалпы сомасы 113 миллиард теңге төлем жасады. Оның 97 миллиарды қаржысы шекті сомадан асқан азаматтарға берілген.
Шынар Оразова