Елімізде кеден түсімдері артып келеді

117

Қазақстанда кеден түсімдері артып келеді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, цифрландыру барлық процестерде адами факторлардың ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді. Себебі олар «жасыл дәліз» арқылы автоматты режімде өтеді.

Ал экспорттың 90 пайыздан астамы автоматты режімде жүргізіледі. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың адамдармен ешқандай байланысы болмайды дейді сарапшылар.

Мұның барлығы – цифрландырудың, жаңа технологиялар енгізудің, процестерді автоматтандырудың арқасы. Кедендік түсімдер бойынша өте үлкен ілгерілеу бар. Мамандар жекелеген позицияларда түсімдердің 12 есе артқанын айтып отыр.