Шымкентте салық түсімдері артты

397

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың қорытындысымен барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша бекітілген болжам орындалды. Атап айтқанда:

Мемлекеттік бюджет бойынша межеленген жоспар 107% орындалды, яғни жоспар 167,5 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 179,3 млрд. теңге өндіріліп, артығымен 11 млрд. 723 млн.теңге қамтамасыз етілді. Оның ішінде:

Республикалық бюджет бойынша жоспарланған 89 млрд. 597 млн.теңгенің орнына, нақты 96 млрд. 450 млн.теңге өндірілді, орындалуы 108% немесе 6,8 млрд. теңге артығымен қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджет бойынша жоспар 78 млрд. теңге болса, нақты 82,8 млрд. теңге өндіріліп, орындалуы 106% немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 4 млрд. 870 млн.теңге қамтамасыз етілді. 2017ж. 70,7 млрд. теңге түскен болса, 2018 жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 117% құрап, 12,1 млрд. теңгеге артты.

Қосымша резервтер. Салықтық және кедендік әкімшіліктендіру нәтижесінде 2018ж. мемлекеттік бюджетке қосымша анықталған резервтер есебінен барлығы 14,6 млрд.тенге өндірілді.

Оның ішінде республикалық бюджетке – 7 млрд. 195 млн.теңге немесе салықтық түсімдер ішіндегі үлесі 7,6% құрады.
жергілікті бюджетке – 7 млрд. 459 млн.теңге немесе салықтық түсімдер ішіндегі үлесі 9,6% құрады.

Негізгі бағыттар бойынша:
Бақылау-экономикалық жұмысының нәтижесінде 1 млрд. тенге өндірілді (РБ -992,6 млн.тг., ЖБ- 89,4 млн.тг).

Салықты әкімшіліктендіру және камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде – 4 млрд. 152 млн.тенге (РБ -2951,3 млн.тг., ЖБ- 1201,2 млн.тг)
ЕЭАС шеңберіндегі жанама салықтарды әкімшіліктендіру нәтижесінде бюджетке – 276 млн.теңге (РБ -276 млн.тг.,);

Жүргізілген мәжбүрлеп өндіру шаралар нәтижесінде – 3 млрд. теңге өткен жылдардан келе жатқан қарыз сомалары бюджетке өндірілді (РБ -1474,7 млн.тг., ЖБ- 1476,9 млн.тг).

Бейөндірістік төлемдерді әкімшілендіру бойынша 4 млрд. 370 млн. теңге өндірілді (РБ -3,5 млн.тг., ЖБ- 4370 млн.тг)

Түсіндіру жұмыс басқармасы
Шымкент қаласы бойынша МКД