Жаңа тариф: Газ бағасы арзандаған

209

Еліміздің басым бөлігінде газ бағасы төмендетілді. Яғни, жаңа тариф күшіне еніп отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша баға әр өңірде әрқалай арзандаған.

Айтуларынша, көгілдір отын құны ең алдымен көтерме бағаға байланысты. Сол үшін газды жаппай сатып отырған компанияға сараптама жүргізілген. Нәтижесінде, баға 50 пайызға арзандап, оны тасымалдау ақысы да айтарлықтай азайды. Бұл тұтынушылар үшін де көгілдір отын тарифін төмендетуге мүмкіндік берді.

Бірақ баға әр аймақта әртүрлі. Мәселен, газ құны Атырау облысында 38 пайызға арзандаса, Қарағандыда небәрі 0,3 пайызға азайған.

Шынар Оразова