Жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр айтты. Әлихан Смайыловтың сөзінше, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы эконом-класстағы отандық автомобильдерді сатып алу үшін бағытталады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі: «Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жерге, газға, суға, электр қуатына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының утильалым мөлшерлемесі олардың төмендеуіне қарай өзгереді».
Шынар Оразова