Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына тағы қаржы бөлінуі мүмкін

52
фото qazweek.kz

Қарыз көлемі тағы арта түсуі мүмкін. Өйткені жеңілдетілген автонесие бағдарламасына тағы қаржы бөлінуі мүмкін.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, қазір бұл мәселе қаралып жатыр. Өйткені, 4 пайызбен көлік аламын деушілер көп. Әзірге бағдарлама револьверлік негізде іске аса береді.

Яғни, осы уақытқа дейін автонесие 12 мыңнан астам адамға берілді. Енді олар қарызды банкке қайтарған соң, түскен қаржыға несие қайта беріле береді.