Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржы бөлінбейді

130

Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржы бөлінбейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша бағдарлама әзірге револьверлік жүйемен іске аса береді. Яғни 4 пайыздық автонесиеге бұған дейін 100 миллиард теңге бөлінгені белгілі.

Осы қаржы игерілген соң, машина алған адамдар, несиені ай сайын банкке қайтара бастайды. Сол қайтқан қаржыға, 4 пайыздық автонесие тағы беріле береді. Яғни ақша айналымда болып, процесс үздіксіз жүре береді дейді министр. Айтуынша қазір 10 мыңнан астам өтініш мақұлданып, 100 миллиардтың 74 миллиарды игерілген. Қалған 26 миллиардтың өтініші қазір қаралып жатыр.

Шынар Оразова