Жолаушыларға алақан жайғандар жұмыстан шығарылды

235

Шымкентте қоғамдық көліктерде кондукторсыз қызмет көрсету жүйесі қашан жүзесе асады? Бұл бастаманы қолға алуға қазір не кедергі? Осы және тақырыпқа қатысты өзге де сауалдарға Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасының өкілдері жауап берді.

Шымкент автобустары кондукторсыз жүре бастауы мүмкін. Бұл туралы Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев айтты. Сөзінше қоғамдық көліктердегі кондукторлардың жұмысына көңілі толмайтын жолаушылар саны артқан. Әсіресе жол ақысын қолма қол төлеуді сұранатындар жөнінде наразылық көп екен.

Мұхтар Қоқанбаев, Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары: «Тасымалдаушылар көлікпен күнде тексеріп жүр. Олармен міндетті түрде күнде жиын өткіземіз. Өткен аптаның өзінде 1 компаниядан 45  кондуктор жұмыстан шығарылды».

Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев дәл қазір қала тұрғындары кондуктырсыз жүйеге дайын емес екенін айтады. Мұны анықтау үшін арнайы сынақ жұмыстарын да жүргізген екен.

Жауаптылар тұрғындар шағымын міндетті түрде ескеретіндігін айтады. Ол үшін арнайы жұмыс жүргізіліліп жатыр. Ал сынақ мерзімі оң нәтиже көрсетсе, жыл соңына қарай қоғамдық көліктер кондукторсыз қызмет ете бастауы мүмкін.

Иззат Миралиев