Бүгінгі таңда Абай ауданына қарасты Агрофирма-Қарасу шағынауданында мектеп мәселесі шешілмей тұр. Бұл мақсатта 1,5 га жер телімі анықталып, «Shymkent» АҚ тарапынан инвестор іздестірілуде.
Дегенмен, бүгінде шағынаудан ауыз су және жекеменшік электр жарығымен толық қамтылған. Сондай-ақ тұрғындарды мемлекеттік көгілдір отынмен қамту жөнінде жобалық-сметалық құжат жоспарлануда.
Ал интернет желісімен қамту мақсатында байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Гүлдана Дәурен