«DENSAULYQ» кәсіподағы 240 отбасына азық-түлік себетін таратып берді

78

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі кезекті рет қайырымдылық шарасын өткізді.

Наурыз мерекесі қарсаңында мекеменің қолдауымен Түркістан облысының медицина мекемелері бойынша 46 бастауыш кәсіподақ ұйымына, соның ішінде 240 кәсіподақ мүшесіне әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты аналарға азық-түлік себеттері таратылды. Әлеуметтік көмек алғандардың бірі, көпбалалы Исакова Гүлмира кәсіподаққа ерекше алғысын білдірді. Алты баланы тәриелеп отырған ана жыл сайын отбасына және балаларына кәсіподақ тарапынан материалдық көмек берілетінін айтуда. «Біз сияқты қарапайым халық үшін мұндай әлеуметтік көмектің маңызы зор.

Көп балалы отбасы болғандықтан, қолдауды қажет етеміз. Осыны ескерген қайырымды жандарға алғысым шексіз»-дейді Исакова Гулмира. Айта кетейік, «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мұндай отбасылардың тізімін арнайы дайындап, көмек беруді тұрақты игі шараға айналдырған. Соңғы бір жылдың өзінде кәсіподақ атынан 869 отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Түркістан облысы бойынша денсаулық сақтау саласында үлкен жетістер орын алуда. Нақтырақ айтқанда, медицина қызметкерлеріне бұрын берілген біліктілік санаттары үшін қосымша ақылар қайтарылады.

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұжымы қысқа мерзімде және жоғары кәсіби деңгейде атқарылған жемісті, сапалы жұмыстың арқасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныс, өтініші бойынша күрделі мәселені шешуде тиімді нәтижеге қол жеткізе алды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, салалық кәсіподақ ұйымының басшылары және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп, бұрын берілген біліктілік санаттарының (жоғары, бірінші, екінші) қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан 2022-2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есепдеуді қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Салалық келісім бойынша қосымша келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, бейінді емес (медициналық емес) білімі бар Денсаулық сақтау қызметкерлерін (химиялық, биологиялық, педагогикалық, инженерлік және т.б.) ынталандыру мақсатында олардың лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемелерін қолданып, денсаулық сақтау субъектілерінде жалақы төлеуді қамтамасыз ету көзделеді. Нәтижесінде келісімде көрсетілгендей, Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) белгіленген жалақы мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолданып, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде. Осы орайда республикалық жоғары тұрған инстанция «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі тарапынан атқарған нәтижелі жұмыстарға тоқталып кетсек.

Аталған кәсіподақ ұжымы өңірлердегі медицина қызметкерлерін қолдап қана қоймай, әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Республика деңгейінде кәсіподақ тарапынан көмек алғандардың саны жылдан жылға артып, жұмыскерлердің сенімін ақтауда рөлі зор. Кәсіподақ ұйымдарының қоғам дамуына қосар үлесі де мол. Олар өздерінің тиімділігі мен қажеттілігін бірнеше рет дәлелдеді, өйткені кәсіподақ қызметі жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қатынастарды реттеуге, оларды өзара тиімді және нәтижелі етуге мүмкіндік береді.

Кәсіподақ қызметкерлердің жақсы тұрмысы үшін еңбек етіп, олардың құқығы мен әлеуметтік жағдайларына қатысты мәселенің дұрыс шешілуіне қажет барлық шараларды жасайды.