Медицина мамандарының балаларына мектепке қажеттілік таратылды

192

Түркістан облыстық «DENSAULYQ» кәсіподағы көпбалалы медицина мамандарының отбасына қолдау көрсетті. Жаңа оқу жылының қарсаңында кәсіподақ ұжымы ақ халаттылардың бірінші сыныпқа баратын балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратты.

Таратылған мектеп сөмкелерінің ішінде кітаптан бастап сабаққа қажетті құралдардың барлығы бар. Мұндай материалдық көмек Түркістан облысындағы медицина мекемелерінде жұмыс істейтін, шиеттей бала тәрбиелеп отырған қызметкерлерге көмек ретінде көрсетіліп отыр.

Нұрсұлу Үмбетова, көпбалалы медицина қызметкері: “Облыстық перинаталдық орталықта медбике болып жұмыс істеймін. Бұл акцияға қуаныштымыз. Қазіргі нарықтағы бағалар қымбат, әсіресе оқу құралдарының. Бұл бізге зор көмек болды. Баршаңызға алғысымызды білдіреміз”.

Айта кетейік, бұл игі шара «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» атты акция аясында өткізілуде. Кәсіподақ ұжымы бірінші қыркүйекке дейін 204 баланы мектепке қажетті жабдықпен қамтуды көздеп отыр

Лаура Нақыпқызы