Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылдау басталды. Үміткерлерден құжат онлайн форматта қабылданады. Академия жаңа оқу жылына 10 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірлеп отыр.
Биыл енгізілген жаңашылдықтарға орай, ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттар тізімі ұлғайтылды. Сонымен қатар, құжат қабылдау 23-шілдеге дейін жалғасады.
Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры: «Жыл сайын біз мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға 120, докторантураға 12 грант аясында құжаттарды қабылдаймыз. Сонымен бірге халықаралық келісімдер аясында стипендиялар мен гранттар бөлінгені туралы кеткенім жөн».
Шынар Оразова