Шымкентте 40-қа жуық маман қайта даярлау курсынан өтті

67

Мемлекеттік қызметке енді келген жастар арасында кәсіби этиканы сақтамайтындар саны артқан. Бұл олқылықты болдырмас үшін мемлекеттік басқару академиясы еңбектеніп келеді. Республика күні қарсаңында академия тағы да 40-қа жуық маманға біліктілік арттыру курстан өткізді.

Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының бас маманы Дәулет Бекмұрат алғашқылардың бірі болып Мемлекеттік басқару академиясында тағылымдамадан өткен. Ол ЖОО-нын 2019 жылы бітірген. Мемлекеттік қызметке тұрғысы келген Дәулет академия курсын оқыпты. Қазір біліктілігін арттыру үшін тағы да даярлау курсын оқып жатыр.

Дәулет Бекмұрат, Шымкент қаласы Құрылыс басқармасының бас маманы: «Мемлекеттік басқару академиясының бірінші түлегімін. Курстан өткен соң құрылыс басқармасында өндірістік тәжірибеден өттім. Қазір қайта даярлдаудан өтіп жатырмын. Өз жұмысымды жақсы көремін. Құрылысшы болуды бала кезден армандағанмын. Енді сол арманым орындалды. қаланың гүлденуіне кішкене де болса қол ұшым тигеніне өте қуаныштымын»

Қазір академияда мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курсын 40-қа жуық маман оқып жатыр. Олардың бәрінің мемлекеттік қызметші ретінде тәжірибесі бар. Жастарға мемлекеттік органда жұмыс істеудің сырын түсіндіріп, тәжірибесімен бөлісу үшін қала әкімінің орынбасары келді.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Менің мемлекеттік қызметте жүргеніме 10 жылдан асты. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мәртебе емес қана емес, бұл үлкен жауапкершілік. Еліміздің деңгейі көтерілу үшін қызметкерлерді жоғары стандартқа сай білім беруіміз керек. Сол үшін де бұл академияның маңыздылығы зор»

Қаламыздағы 51 мемлекеттік мекеменің штатында 2000-ға жуық маман қызмет етеді. Олардың 530-ы даярлау курсынан өткен. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мамандарының айтуынша қазіргі таңда қызметкерлердің 60 пайызы кәсібилік этикасын сақтамайды. Бұл сәйкесінше жұмыс сапасын әлсіретеді.

Али Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері ағенттігі Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы: «Қазір біз академия филиалындамыз. Мұнда жаңадан қызметке келген жастарды оқытып жатырмыз. 3 апта бойы білім алады. Онда жастарға қойылатын талап, міндет, құндылықтарды үйретудеміз».

Шара барысында түрлі саланың білікті мамандары жастарға оң имидж қалыптастыру жолын түсіндірді. Мұндағы мақсат жас толқынды партиоттыққа баулу.

Мемлекет басшысы мамандардың біліктілігін арттыру туралы тапсырма берген болатын. Бүгіне аталған бағытта жұмыстар атқарылуда.