Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын қаңтар оқиғасынан кейінгі саяси өзгерістерді күткен зиялы қауым, студент жастар жылы қабылдады. Саяси реформалар, «Еститін Үкімет» концепциясы өкілетті және атқарушы органдардың халыққа жақын болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қордаланған мәселелерді шешуге ықпал ететіні сөзсіз дейді университет ұжымы.
Республикадағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мәжіліс залында жиналған қауым президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын талқылады. Басқосуға қатысушылар «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында баяндалған мемлекет басшысының жолдауындағы 10 бастамасы жайлы өз ойларын ортаға салды. Негізгілеріне тоқталсақ. Еліміздегі басқару жүйесіндегі өзгерістер -Суперпрезиденттік басқарудан президенттік- ықпалды парламент жүйесіне көшу бастамалары
Жанама сайлау әкімдердің орталыққа тәуелділігін азайтып, қоғаммен байланысын нығайтады дейді жиналғандар. Әкім болуға кем дегенде екі кандидат ұсынылады, президент әкімдерді мәслихаттардың шешімінен кейін тағайындайды. Бұл өз кезегінде депутаттардың мәртебесін арттырып, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырады. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын елімізде жаңа облыстардың пайда болуы бізді жігерлендірді ,-дейді жастар.
Жолдауда көрсетілген бастамаларды жүзеге асыруға атсалысу, әрбір қазақстандыққа ортақ міндет. Бұл ең алдымен үлкен жауапкершіліктің және отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі дейді,- университет ұжымы.
Шынар Оразова