Қаралы қаңтар: Шоколад ұрлағандар сотталды

126

 Шымкентте қаңтар қақтығысы кезінде сауда үйінен шоколад ұрлағандар сотталды. Қалада пәтер жалдап тұратын 4 жігіт жасаған істеріне енді қатты өкініп отыр.

Полиция таратқан мына видеода жігіттердің ұрлығы әшкереленген. 21 жастағы 4 жігіт «Метро» деп аталатын сауда орталығындағы дүкеннен азық-түліктен бөлек, шоколад, киви жемісін тіпті әжетхана қағазына дейін қолды қылған.

Тәртіп сақшылары тонаумен айналысқандарды 9 қаңтар күні жалдамалы пәтерде жатқан жерінде ұстады. Алайда, олар азықтың тең жартысын жеп үлгерген екен. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ұрланған заттың құны 202 мың теңге. Сот 4 азаматты 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар сотталушылар 100 сағат көше сыпыратын болды.

Момбек Әмірбеков, Шымкенте аудандық сотының судьясы: «Далаға шықсақ адамдар келе жатыр дейді. Қолдарында пакеттері бар дейді. «Метрода» бәрі тонап жатыр дегесін олар да барып, осы қылмысты жасаған. Сұраймыз ғой «Не үйлеріңде азық жоқ па? Неге бұндай алдыңдар десек, жастықпен істеп қойдық дейді».

Назерке Үкібасова