Абай ауданына қарасты Қызылжар тұрғын алабының жұрты базалық станцияның үйлердің арасында орналасуына қарсылық білідіріп отыр. Себебі тұрғындар салынып жатқан операторлық мұнара денсаулығымызға зиян келтіреді дейді. Сонымен қатар, мұнда телефон байланысы мен интернет желісі жақсы ұстайтын көрінеді.
біз инвестор арқылы істейтін болсақ, бос жер телімін анықтаймыз, үйлерден алыстау жерге, сосын тұрғындармен келісіп, алдын ала айтып істейміз. 02:02-2:09 (апа) Кәні, кімнің үйіне кіріпті да, кімнен рұқст сұрапты?! Ешкімнен рұқсат алған жоқ!
Қызылжар тұрғын алабының халқы базалық станцияның үйлердің арасына орналасуына қарсы. Жиналғандар салынып жатқан операторлық мұнара денсаулығымызға зиян келтіреді деп алаңдайды. Онымен қоса, елдімекенде ойын алаңшасы жоқ болғаннан кейін, балалар дәл станция бой көтеріп жатқан көшеде ойнайтын көрінеді.
Гүлмира Қыдырбекова, тұрғын: «Бізде бұл ауылда ешкім билайн ұстамайды деп наразы болған емес. Немесе сеть ұстамайды деп, жақсы ұстайды бәрі. Біздің ауылдан ешкім барып, арыз жасап ұсыныс, тастаған емес. Бәрі көпбалалы, бәріне зиян».
Закира Сейітханова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Біз келіп астына шағал тастаған күннен бастап қойыңдар деп келеміз, қоймады. Әкімшілікке бардық, өзіміздің әкім, орынбасары келді, ештеңе шешкен жоқ. Бізге бұл керек емес, біз оны қажет етпейміз. Арызданбағанбыз, телебашня керек, бізде сеть ұстамайды деп арызданбағанбыз. Арызданған жер болса, сонда апарып қойыңдар. Бізге бұл керек жоқ.Біріншіден бұл зиян деп ойлаймыз өзіміз. Біз ауыл болғаннан кейін таза жерде жасайық дедік».
Жансейіт Асенбаев: «Бұл нәрсені негізі ушықтырмауға тырысқанбыз. Сыртқа қойсын, ана жаққа қойсын, мында фабриканың жері бар, басқа жерге қойса да».
Қызылжарлық тұрғындар аудан, қала әкімдіктеріне аталған мәселе бойынша бірнеше рет шағымданған екен. Алайда, «билік өкілдері тек мәселені қарастырамыз» деумен шектеліпті. Тұрғындар бұл аумақта байланыстан проблема болмағандығын, ешкімге бұған дейін шағым түсірмегендерін айтады. Ал жиналғандардың уәжін тыңдауға келген басқарма өкілі әкімдіктің бұл іске қатысы жоқтығын айтты.
Шынболат Әби, Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бөлімінің басшысы: «Ойдан қоя салмайды ғой бұл жерге анализдің барлығын біліп отыр, тексеріп отыр. Қай нүкте нашар, сол жерге қояды. Базалық станция орнатылғаннан кейін, СЭС-тен арнайы қорытынды алады. Егер мынадан кішкене болсын зиян болатын болса, СЭС бұған айыппұл салып, алдыртып тастайды. Мен компания өкілімен сөйлестім, магазиннің иесі, мына жер соның жері екен. Коммерциялық нысанның иесімен тікелей келіскен. Енді ол не салам десе де өзі біледі ғой, сол себепті осындай жағдай болып тұр. Көпшілігі қарсы болса енді, онда компания алғызып тастайды».
Қызылжар тұрғыналабында бұдан да басқа мәселелер жетерлік дейді тұрғындар. Сөздерінше, асфальт төсеу мәселесін шеше алмай жүргендеріне бірнеше жылдың жүзі болыпты. Ал кейбір тұрғындар әлі күнге дейін жекенің жарығында отыр екен. Себебі мұнда мемлекеттік энергия көзі әлі тартылмаған.
Замзагүл Құдиярова: «Қазір мына байланыс бізге ешқандай да қажеті жоқ! Оның орнына мысалы осы ауылдың өзінде жарықтың өзі мемлекеттіктің қап қараңғы боп тұрады. Ал жарықтың өзі жартылай мемлекеттік, жартылай жекенікі. Міне сол жекеменшік жарықты қосып берсін мемлекеттікіне! Содан кейін мынау жолымызды көріп тұрсыздар, осы жолымызды жөндеп берсін! Менің денсаулығым жоқ, өзім ауырып жүргенде мынандай байланыстың керегі жоқ!».
Тұрғын алап жұрты компанияның базалық станцияны алып тастайды деп үміттенеді. Егер мәселе қала көлемінде шешімін таппаса, тіпті президентке де хат жолдаймыз дейді. Олар құрылысты тоқтатпайынша, біз де қарап қалмаймыз деп бекініп отыр тұрғындар.
Гүлдана Дәурен