Еңбекші ауданы тұрғындарының 94,4 пайызы ауыз сумен қамтылған. Қалған 3,6 пайызына жататын жаңа құрылыстағы учаскелерді тіршілік нәрімен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі арнайы өткен брифингте мәлімдеді.
Аудан басшысының сөзінше, электр жарығымен қамтылу көрсеткіші 96,5 пайызды, ал табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 86,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Өткен жылы жергілікті бюджетке 83,9 млрд. теңге жиналған. Ол 2020 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға жоғары.
Гүлдана Дәурен