Шымкентте кооператив атын жамылған қаржы пирамидасы әшкере болды

230
фото Егемен.кз

Қаржы мониторингі агенттігі Шымкентте «GAP» өндірістік кооперативі түріндегі қаржы пирамидасын анықтады. Қазіргі таңда экономикалық тергеп-тексеру департаментімен қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Тергеу орны мен күдікті топ анықталған. Қаржы пирамидасы оңтүстік өңір тұрғындарымен автокөлік немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаржылық көмек көрсету туралы шарттар жасасқан.

Камилхан Исмаилов, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы: «Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты сотпен күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қаржы пирамидаларын құруға ҚР ҚК 217 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ол үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Сонымен қатар, «GAP» ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ қаржы пирамидасының құрбаны болған азаматтар Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе 87252-77-14-48 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз».

Гүлдана Дәурен