Қазақстанның Әзербайжан және Грузиямен жасаған келіссөздерін ескеріп, жүк тасымалына арналған баламалы көлік дәліздерін пайдалану керек. Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында Премьер-министр осы мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.
Көлік және сауда мәселесіне арналған жиында, бизнес өкілдерінің өтініші пысықталды. Құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, аккумулятор, кабель-өткізгіш өнімдерін өндіруші, 16 отандық кәсіпорынның жай-күйі қаралды.
Әлихан Смайылов экономикаға әсер ететін тауарларға импорттық кедендік баждарды алып тастауды қарастыруды тапсырды. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтып, импорттық тауарларды пайдаланатын өндірушілердің экономикалық белсенділігін қолдауға мүмкіндік ашылады
Шынар Оразова