Зейнетақы қорындағы қаржыны ескі жеткілікті шек бойынша алу үшін наурыздың соңына дейін уақыт бар. Сәуірден бастап өзгеріс күшіне енеді.
Осыған орай Зейнетақы қорындағылар өтінішті 31-наурызға дейін enpf.otbasy.kz сайты арқылы жіберу қажеттігін айтты. Ақшаны мақсатқа сай сұраған болсаңыз, сәуірде де ескі жеткілікті шек бойынша қаржы арнайы шотқа түсе береді.
Айта кететін жәйт,, осы уақытқа дейін үйге және емделуге деп миллионнан астам өтініш түсіп, 2 триллион 700 миллиард теңге аударылды.
Шынар Оразова