«Энергиясы толы әкім» енді тоқсан сайын халық алдында есеп береді

128

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесіп, қаланың даму жоспары бойынша есеп берді. Жиында қала басшысынан бөлек, аудан әкімі де баяндама жасады. Сондай-ақ қарапайым халық көкейкесті сауалын жолдап, өз ойымен бөлісті. Кездесуде нендей мәселелер көтерілді? Халық әкімнің жұмысына қандай баға берді?

«Біздің әкім басқалардікі сияқты шал емес, ең жас, энергиясы толы» деп мақтанып отырамыз. Жарайсыз»,-дейді тұрғын.

Энергияға толы Шымкенттің әкімі бүгін халықты жинап үшінші рет есеп берді. Мұрат Әйтенов енді бұрынғыдай жыл сайын емес, тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп отырамын дейді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Көбі айтуы мүмкін, бұған дейін неге істемедіңдер, енді неге халықпен кездескеш болып қалдыңдар деп. Өздеріңізде білесіздер, екі жыл бойы ковид болды, түсінесіздер. Халық пен биліктің арасыз алыстап кетті. Тіпті туысқандарымызбен араласа алмай қалдық. Енді оның орнын толықтырамыз.

2053 жылға дейін Шымкент тұрғындарының саны 2,5 млн-ға жетеді. Мегаполис басшысының айтуынша, әкімдік халық санына байланысты инфрақұрлым жүргізу керек. Яғни, болжам жасаудың маңызы зор. Ал қазір, үшінші мегаполисте 1 млн-нан аса азамат тіркелген.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Бұл пессимистік болжам. Жалпы оған ертерек жетіп қоюйымызда мүмкін. Енді өздеріңіз білесіздер Шымкенттің тез дамып кеткеніне байланысты мына инженерлік инфрақұрылымның уақытылы атқармаған себебінен көп мәселеден қиналдық. Судан да қиналдық, электро қуаттан да қиналдық. Сол себептен біз қазірден ойлауымыз керек. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін біз 2050 жылға дейін көздеу керек»

Сондай-ақ Мұрат Әйтенов Шымкентте ең алғаш рет 1 000 орындық заманауи аурухана салынатынын хабарлады. Айтуынша, медициналық орталықтың құрылысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Өте үлкен. Инвестордың айтуы бойынша шетелдік мамандар келеді. 100 пайыз заманауи ауыр медициналық техникалар болады»,-дейді қала басшысы.

Шымкенттің алдағы даму жоспарын таныстырған әкімге Еңбекші ауданының тұрғындары да риза болды. Олар осындай кездесуді жиі ұйымдастырылып тұрса дейді.

Дегенмен халық арасында шенеуніктердің уәдесі мен жауабына қанағаттанбайтын азаматтар да табылды.

“Бұған дейін қанша рет арыз жаздым. Ешқайсына қанағаттанбаймын. Толық жауап бермейсіңдер. Енді Мұрат Әйтенов мырза сізден мені жеке қабылдауыңызды сұраймын. Қасыңызда ешкім болмасын. Жекпе-жек”,- дейді тұрғын.

Ақсақал ақыры Әйтеновтың нақты уәдесін алды.

«Ертең сағат 13:30-да Еңбекші ауданының әкімдікінде қабылдаймын».

Есеп беру жиынында қала басшысы Шымкенттің бюджетін триллион теңгеге жеткізу керек екенін айтты. Ал шаһардың қазіргі бюджеті 488,4 млрд теңге.

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева