«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге өтінім қабылдау аяқталды. «Shymkent-baspana.kz» порталына 11919 өтінім келіп түскен.
Оның ішінде; 1 бөлмелі пәтерге – 3324, 2 бөлмелі пәтерге- 4592, 3 бөлмелі пәтерге — 4003 азамат өтінім білдірген. Ал байқаудан өткен үміткерлердің тізімін автоматтандырылған жүйе анықтайды.
Бүгінгі таңда аталған өтінімдерді қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Несиелік тұрғын үйлерді «Shymkent-baspana.kz» сайты арқылы автоматты түрде басқарма теңгеріміне қабылданған үйлердің санына қарап орналастырылады.
Айта кетейік, конкурстан өткен азаматтармен бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 8 банк жұмыс атқарады.
Гүлдана Дәурен