Әлеуметтік дүкен санын 20- ға ұлғайту көзделіп отыр

56

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша қалалық тұрақтандыру қорына 7,7 млрд. теңге бағытталған. Бүгінгі таңда қаржының 7,4 млрд. теңгесі айналымға берілген.

Қала аумағындағы азық-түлік сатылатын сауда орындарында бағаны қадағалау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Олар бағаның негізсіз көтерілуіне байланысты арыз-шағымдарды да қарайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру мен делдалдық қызметті шектеу шаралары қолға алынған. Сондай-ақ, әлеуметтік дүкен санын 20-ға ұлғайту көзделіп отыр.

Гүлдана Дәурен