Биыл Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны 300-ге жетеді

25
фото Бақ.кз

Биыл әлеуметтік сауда орындарының санын 300-ге жеткізу жоспарланған. Қазір дүкендерде тұрақты баға қойылған азық-түлік тауарларының 19 түрі белгіленген.

Оның ішінде күнделікті тұтынатын қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдері бар. Тауар бағасын тұрақтандыру мақсатында шаруа қожалықтарымен форвардтық келісім-шарттар түзілді. Келісім негізінде кәсіпкерлер 2 мың тоннаға жуық өнімді 2023-2024 жылғы маусымдық кезеңде саудаға шығарады.

Одан бөлек апта сайын сауда нарығынан 10-15% төмен бағамен 8 жерде жәрмеңке ұйымдастырылады.