«Азаматтарға арналған үкімет» балалар жәрдемақысына өтінішті қалай тапсыратыны жөнінде мәлімет ұсынды. Яғни, балалар жәрдемақысы келесі айда түсу үшін өтінішті сәуір айының 20-на дейін тапсыру керек. Ал 20-нан кейін өткізген жағдайда, әлеуметтік төлемдер келесі айдың бюджетіне бекітіліп үлгермейді.
Жәрдемақы үш жолмен ресімделеді. Олар: Халыққа қызмет көрсету орталығна жүгініп, тиісті құжаттарды тапсыру; Egov.kz порталы арқылы өтініш беру; Сонымен қатар Kaspi.kz, Halyk HomeBank банк қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Қызмет тегін көрсетіледі және бала туғаннан кейін бір жыл ішінде өтініш білдіруге болады. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қалалық филиалы арқылы бала туу және оның күтімі бойынша 5 мыңнан астам жәрдемақы рәсімделген.
Гүлдана Дәурен