Елімізде өткен тәулікте 11 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру тіркелмеді.
Ел бойынша вирустан 151 адам жазылып шықты. Оның арасында шымкенттіктер мен Түркістан облысынан ешкім жоқ. 12 сәуірдегі жағдай бойынша елде 1 972 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 204-і стационарға жатқызылса, 1 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сала жауаптыларының айтуынша, 24 адамның жағдайы ауыр, ал 3 пациенттің халі өте ауыр. 4 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 466 466 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 199 647 адам салдырды. Ал Шымкентте 601 213 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 591 047 адам алды.
Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 936, II компонентін 1 045 971 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.
Жанерке Хумар