Елімізде вирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші айтарлықтай төмендеді

39

Елімізде өткен тәулікте 9 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Ел бойынша індеттен 72 адам жазылып шықты. Оның 37-сі шымкенттік тұрғын.

Түркістан облысынан індет жұқтыру дерегі тіркелмеді. 18 сәуірдегі жағдай бойынша елде 1 816 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 127-сі стационарға жатқызылса, 1689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 16 адамның жағдайы ауыр, ал өте ауыр халде жатқан пациент жоқ. 3 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 473 336 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 217 525 адам салдырды. Республика бойынша 3 689 135 адам ревакцинация жасатты. Ал Шымкентте 601 260 тұрғын екпе қабылдаған.

Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 591 299 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 866, II компонентін 1 045 991 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.

Жанерке Хумар