«Мен спортты таңдаймын»: Шымкентте балалар арасында сайыс өтті

175

«Балалар жылына» орай қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен апта сайын аулаларда спорттық жарыстар ұйымдастырылуда.

Балалар арасындағы «Мен спортты таңдаймын» сайысы Әл-Фараби ауданында спорттың 7 түрінен өтті. Балалар асық ату, ләнгі тебу, баскетбол, арқан тартыс, сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар басты мақсат — жастардың уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру екенін айтады.

                                                                                         Гүлдана Дәурен