Спорт басқармасында жаңа бастық

863
спорт басқармасының жаңа бастығы
спорт басқармасының жаңа бастығы
спорт басқармасының жаңа бастығы

Облыс әкімнің өкімімен Әлібек Нұрбайұлы Нұртаев «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағы негізінде, ауысу тәртібімен, 2013 жылғы 20 мамырдан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан босатыла отырып, бірінші қол қою құқығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ә.Нұртаев 1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша дене тәрбиесінің оқытушысы және спорт түрінің жаттықтырушысы, мемлекеттік басқарудың бакалавры.

Еңбек жолын 2003 жылы облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы болып бастаған. 2004-2008 жылдары облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарған.

2008 жылдың тамыз айынан бастап облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет еткен.