Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

32

 Бүгін Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбеков тағайындалды.

 Еңбек жолын 2004 жылы «ГазИнСервис» ЖШС бас менеджері болып бастаған. 2005–2023 жылдары жеке секторда және спорт саласында жауапты басшылық қызметтер атқарған.
 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарды.