Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көлігінің кезегі азайып, жағдай тұрақтала бастады

108

Қазақ-Қырғыз шекарасындағы жүк көлігінің кезегі азайып, ахуал тұрақтала бастады. Бұл туралы көрші елдің шекара қызметі хабарлады. Айтуларынша соңғы күндері еліміз бір сағатта 3-4 көлікті кіргізіп отырған. Қазір 8-9 жүк көлігі кіріп жатыр. Бұл бақылау-өткізу бекетіндегі жүктемені айтарлықтай жеңілдетті делінген хабарламады.

Десе де, кезекте әлі 150-дей көлік тұр. Айта кетейік, бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасында жүк тасымалы қиындап, жүздеген көлік ұзын сонар кезекте тұрған еді. Кейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бақыт Сұлтанов пен Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары шекарадағы ахуалға қатысты келіссөз жүргізген еді.

Шынар Оразова