Шаруа: «Бізге қолдау болса, біз аянып қалмаймыз»

120

Шымкенттің іргесіндегі Бадам шағынауданындағыЖиенбай-К өндірістік кооперативі мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген жанар-жағармайды жазда аламын деп отыр. Күздік және мал азығы жоңышқа еккен диқан тыңайтқыштан көмек болса, ауа райы қарасса, астықты ойдағыдай жинап аламыз деген үмітте.

Кеңесәлі Қансейіт «Жианбай-К» өндірістік кооперативнінің төрағасы. Бадам елдімекеніндегі егістік алқабының 150 гектарына былтыр қазанда күздік егіпті . Соның 50 гектары индустриалды аймақтың жанында орналасқан . Тұқымнан күрделік жоқ, былтырғы астықтан қалдырғанмын.Құрғақшылыққа қарамастан былтыр 12 центр бидай жинадық дейді диқан. Бидайды сатуда да қиындық жоқ, ауылдастары мен мал ақызын дайындайтын жергілікті зауыттар сатып алыпты. Ал жоңышқаның ұрығын Қара бау шаруашылығынан сатып алған. Тыңайтқыштың күрт қымбаттап кеткені ертең астықтың бағасына әсері болатыны анық дейді шаруа.

Кеңесәлі Қансейіт , «Жиенбай -К» өндірістік кооперативінің төрағасы:» Шымкенттегі ауыл шаруашылығы басқармасы былтырға дейін бізге егіншілікпен айналасыаандарға онша  көңіл бөлмей келді. Оларды тек жылжай мен мал шаруашылығы қызықтырды. 2 жыл болды дәрі ала алмай сандалып жүрміз. 1 тоннасы бұрын 78 мың болса қазір 206 мың. Енді қалай шарауашылығымызды жүргізетінімізді білмейміз»

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы берген деректер бойынша биыл Шымкентте 30 мыңға жуық егістік жерге түрлі дақылдар егілген. 10 мыңнан астам гектарға күздік , 700 га жаздық бидай, майлы дақылдар 600 га егілсе, жоңышқа 660 гектарды алады. Шаруашылықтарды тыңайтқыштармен қамту мәселесі шешімін тапты дейді сала мамандары.

Жәнібек Тоғай, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:»Отандық тыңайтқыштарды  шаруашылықтарға бөлу қарастырылған. Бұл мақсатта  122млн теңге қаражат  қаралған. Тыңайтқыштың  50 пайызы субсидияланады».

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына шымкенттік шаруаларға мемлекет тарапынан жеңілдетілген жанаржағармай бөлінді. Ақпан айына 200 тонна, сәуірде де сол көлемде. Бағасы нарықтағы бағадан арзан литрі 189 теңгеден . Республикалық маңызы бар қалалар мәртебесіне ие болған Шымкенттің аумағы кеңейгенімен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі жылдан жылға қысаруда.

Шымкенттің бас жоспарына сәйкес , қаланың аумағы кеңейіп,  индустриалдық аймақ, өндіріс орындарына жер алқаптары мемлекеттің пайдасына алынуда. Болашақта егістікпен айналысуға мүмкіндігіміз болмайды деп алаңдаймыз. Бірақ, қол қусырып отырған жоқпыз, күнімізді көріп жатырмыз»,-дейді Кеңесәлі аға

Жоғарыдағылар жергілікті өнімдерді көбейтіңдеп, азық түлікпен өздеріңді қамтамасыз етіңдер дейді. Бізге жағдай жасаса біз жұмыстан қашпаймыз нанымызды маңдай терімізбен адал еңбегімізбен табуға дайынбыз дейді шаруа.