Шымкентте кезекші ХҚО-ның жұмыс уақыты ұзартылды

67

Шымкентте кезекші ХҚО қайта жұмысын бастайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші орталық жұмысын қайта жаңдандыру туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.

Енді Мәделі Қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан орталықтың №1 бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал қаланың қалған ХҚО – лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлеуге болады.